Курчатов қалалық мәслихаты Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына сәйкес әрбір коммерциялық емес ұйым мен әрбір азамат Курчатов қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына бір ғана кандидат ұсына алады.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес Курчатов қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттарға төмендегі талаптар қойылады:

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, ШҚО Курчатов қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде тұратын азаматы кандидат бола алады.

Кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығы болмауы, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмайтындығы туралы анықтамалар ұсынылады.

Жоғарыда санамаланған талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Курчатов қалалық мәслихаты ұсыныстарды қолма-қол жазбаша түрде 2019 жылғы 19 ақпанға дейін Тәуелсіздік көшесі 4, «Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» ММ мекен-жайы бойынша, maslihatkur@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылдайды.