Курчатов қалалық мәслихатының кезекті 18 сессиясы

2017 жылдың 25 желтоқсанында әкімдіктің отырыс залында Курчатов қалалық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясы болды.

Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі А.А. Оңдақанов, ұйымдар мен кәсіпорындардың, қала мекемелерінің басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

1. Курчатов қаласының 2018 – 2020 жылдарға арналған бюджеті туралы.

Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Б. Араловтың ақпараты.

2. Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының 2017 жылғы қызметі туралы.

Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г. Қ. Қарымбаеваның ақпараты.

3. Учаскелік полиция инспекторларының жұмысы және Курчатов қаласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы.

ШҚО ІІД Курчатов қаласы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Ж.Ш. Исайыновтың ақпараты.

3. Әр түрлі:

1) Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы;

2) Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы;

3) Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г. Қ. Қарымбаеваның ақпараты.

5. Алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезекті он тоғызыншы сессиясының төрағасы туралы.

Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г. Қ. Қарымбаеваның ақпараты.

Барлық қаралған сұрақтар бойынша шешім бірауыздан қабылданды.