Мәслихаттың он жетінші сессиясы

2017 жылдың 30 қарашасында әкімшіліктің отырыс залында Курчатов қалалық мәслихатының он жетінші сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына әкім орынбасары Глазинский А.Ю., әкім орынбасары Абдрахманов Р.М., әкім аппаратының басшысы Қошқарбаев Н.Т., мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шыныбаев Қ.Н., экономика және қаржы бөлімінің басшысы Аралов А.Б., ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Тоқпақов А.К., ЖК «Серік Тынысбек» басшысы Серік Тынысбек қатысты.
Сессияның күн тәртібі:
1. «Курчатов қаласының 2017 – 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы 9/52-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Б. Араловтың ақпараты.
2. Әр түрлі:
1) «Курчатов қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы
Курчатов қаласы әкім аппаратының басшысы Н.Т. Қошқарбаевтың ақпараты;
2) Сот шешімімен Курчатов қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы;
ТКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. К. Тоқпақовтың ақпараты;
3) Курчатов қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;
ТКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. К. Тоқпақовтың ақпараты;
4) «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының терроризмге қарсы комиссия құрамы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 16/108-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5) Қалалық бюджеттік комиссия құру туралы.
Барлық қаралған сұрақтар бойынша шешім бірауыздан қабылданды.