Тұрақты комиссия отырысы

2017 жылдың 24 қазанында Э.Г. Батырбековтың төрағалық етуімен бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы болып өтті. Комиссия отырысына: Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г.Қ. Қарымбаева, қала әкімінің орынбасары А.Ю. Глазинский, ТКШ, кісі тасу көліктері мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.К.Тоқпақов, МКК «Балапан» сауықтыру басшысы С.М. Рыспеков қатысты.
Комиссия отырысында «Балапан» МКК сауықтырудан шығару бойынша және оның алдағы уақыттағы даму жоспары жөніндегі іс-шаралар туралы» ақпарат тыңдалды. ТКШ, кісі тасу көліктері мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.К.Тоқпақов ақпаратпен сөз сөйледі. Депутаттардың барлық сұрақтарына толымды жауап алынды. «Балапан» МКК сауықтырудан шығару бойынша және оның алдағы уақыттағы даму жоспары жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулы бірауыздан қабылданды.