Кезектен тыс он алтыншы сессия

2017 жылдың 16 қазанында алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы болып өтті.
Сессияға Курчатов қаласының әкімі А.А. Оңдақанов, қала әкімінің орынбасарлары А.Ю.Глазинский, Р.М.Абдрахманов, әкім аппаратының басшысы Н.Т.Қошқарбаев, экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Б. Аралов, Курчатов қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ.Н. Шыныбаев қатысты.

Сессияда қаралған сұрақтар:
1. «Курчатов қаласының 2017 – 2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы 9/52-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2. Әртүрлі
Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Б. Аралов сөз сөйледі. Депутаттардың сұрақтарына толымды жауап алынды.
Барлық сұрақтар бойынша шешімдер бір ауыздан қабылданды.