Мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясы болып өтті

2017 жылдың 12 қыркүйегінде әкімшіліктің отырыс залында Курчатов қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, жауапты қызметкерлер қатысты.
Сессияның күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. Жергілікті атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының орындалу барысы туралы.
2. «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.
3. «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6/35-VI шешімінің орындалу барысы туралы.
4. Мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Батырбеков Э.Г.).
5. Әртүрлі.
Барлық қаралған мәселе бойынша шешім бірауыздан қабылданды.


Курчатов қалалық мәслихаты