Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

Курчатов қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы 2017 жылдың 12 қыркүйегіне сағ. 10.00-ге ауыстырылды. Өткізілетін орны: Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залы, Тәуелсіздік көшесі 4, 1- қабат.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Жергілікті атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының орындалу барысы туралы.
2. «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.
3. «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6/35-VI шешімінің орындалу барысы туралы.
4. Мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Батырбеков Э.Г.).
5. Әртүрлі

Қарымбаева Г.Қ.
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы