Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді

Әлеуметтік даму, экология, қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша А. Н. Борисенконың төрағалығымен, 2017 жылдың 29 маусымында мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары Р. М. Абдрахманов, ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы А. Ж. Қойбағысов және Курчатов қаласының ардагерлер кеңесінің мүшесі Е. Г. Гольцева қатысты.
Комиссия отырысында «ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Курчатов қалалық аумақтық инспекциясының қызметі туралы» сұрақ қаралды. Осы сұрақпен ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция Комитетінің Курчатов қалалық аумақтық инспекциясның бас маманы О. Шмидтгаль сөз сөйледі.
О. Шмидтгаль өз сөзінде инспекцияның негізгі жұмысы, ол Курчатов қаласында мемлекеттік фитосанитарлық бақылау жүргізетінін атап кетті.
Талқылау қортындысы бойынша, қала депутаттары, Курчатов қалалық аумақтық инспекция басшысы Е. Асангалиевқа, Курчатов қаласының бау-бақша алабындағы колорадо қоңызын келешекте жою мен фитосанитарлық мониторинг жүргізу бойынша шаралар қабылдауын, және де тұрғындарға үйрету үшін ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларының алдын алу мен зиянкестерді анықтау бойынша қаланың бұқаралық ақпарат құралдарына ақпаратттар жариялануын ұсынды.