Кәсіпкерліктің кілті – іскерлікте

Биылғы Жастар жылына орай, 2019 жылдың 4 ақпанында Қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кәсіпкерліктің кілті – іскерлікте» атты әңгіме-сұхбат кеші өткізілді. Бұл шараға қаламыздағы жеке кәсіпкерлер, мекемелер мен кәсіпорындардың мамандары және мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Іс-шара барысында жеке кәсіпкерлер өздерінің бизнестегі тәжірибесімен бөлісіп, тақырыпқа сай өзара емін-еркін пікір алмасты және қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кеш өте тартымды өтті. Жастар кештен алған әсерлерін, әсіресе, кәсіпкерлікті ашу жолындағы білімдерінің тереңдегенін айтып, разылықтарын білдірді.
Сонымен қатар, қатысушылар кәсіпкерлік, құқық, экономика саласындағы әдебиеттермен безендірілген «Жас кәсіпкер» тақырыптық көрмені тамашалады.

Қалалық кітапхана