«Сырым бар жүрегімде» республикалық байқауы

2019 жылдың 8-10 ақпан күндері Алматы қаласындағы «Нұрлы жастар» өнер орталығының ұйымдастыруымен «Сырым бар жүрегімде» атты балалар шығармашылығының Республикалық байқауы өтті.
Байқау мектепке дейінгі және мектептік ұйымдарда баланы жеке тұлға тұрғысынан дамытуды, ұлттық мәдениетке, ұқыпты қарым-қатынасқа тәрбиелеуді, жас таланттарды және жастардың шығармашылық дарынын айқындауды, педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеруді көздейді.
Байқауға қалалық кітапхананың «Жас толқын» көркем сөз оқу үйірмесінің мүшесі, № 1 орта мектептің 10-сынып оқушысы Мадижана Әсетқызы Мұратова қатысып, кілең жүйріктер қатысқан сөз додасында 1-орынды жеңіп алды.
Мадижана сахнада өзін еркін ұстап, көркем шығарманы шебер орындауымен көрермендердің көңілін жаулап алды.
Ал, бүгінгі өмір талабына сай шығармашылық пен іскерлікке, жаңашылдық пен ішкі еркіндігі дамыған жеке тұлға тәрбиелеудегі еңбегі үшін «Жас толқын» көркем сөз оқу үйірмесінің жетекшісі, Мадижананы байқауға дайындаған Роза Амантайқызы Кучукова алғыс хатпен марапатталды.
Жеңімпазды шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!

Мәдениет және тілерді дамыту бөлімі