«Бір ел – бір кітап» 2019 акциясы

Қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын насихаттау, рухани құндылықтарды сақтау, кітап оқуға баулу мақсатындағы Қазақстанда республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан «Бір ел-бір кітап -2019» республикалық акциясы бойынша осы жылы екі бірдей кемеңгер жазушыларымыз Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері таңдалды.
Осы акция бойынша Курчатов қалалық кітапханада тұрақты кітап көрмесі безендірілді. Көрме екі бөлімнен тұрады.
«Заңғар жазушы» атты бөлімінде қазақ әдебиетіндегі тынысы кең қаламгер, талантты қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаевтің шығармалары қойылған, оның ішінде тарихи деректен гөрі, көркемдік қиялдың шарықтауы басым, романның көркемдік тілінде жел тартқан тарихи аңыздың астарынан адам баласының асыл қасиеттерінің бірі-махаббат хикаясы шертілетін «Аңыздың ақыры» романы кітап көрмесінің төрінен орын алды.
«Аңыздың ақыры» романында халық жадындағы аңыз бен романтикалық қиял, философиялық толғаммен аналитикалық суреттеу тəсілі, реалистік баяндау мен шарттылық келісті үйлесім тапқан.
«Қалам қуаты» бөлімде туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі , «Сыр елі-жыр елі» атанған ақиық ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың шығармаларындағы шалқар шабыт иесінің кең тынысты жауһар жырлары мен телегей теңіздей тасқынды талантынан туған шынайы поэтикалық туындыларынан оқи аласыздар. Өткен мен бүгінгінің маңызды мәселелерін қозғай білген. Бұл кітап-ойшылдықтың жоғарғы сатысынан қарағанда да, аңыз-әңгімелер мен бүгінгі күннің, өткен мен бүгінгі күндер тәжірибесінің қорытпасы.

Қалалық кітапхана