Тектілікті сақтайық

Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуiрдегі № 2923 Жарлығы жарияланған болатын. Азаматтардың тегі мен әкесінің атын қазақша дұрыс жазуға және айтуға назар аудару керек.
Дүниеге келген нәрестенің атын дұрыс қою,оның дұрыс жазылуын, тегі мен әкесінің атын жазылу тәртібін қадағалау әр азаматтың парызы.
Қазақ халқының ат қою дәстүрі мен тектілік туралы ақпарат беру мақсатында «Тектілікті сақтайық» атты кітап көрмесі кітапхананың оқу залында безендірілді. Оқырмандар кітап көрмесінен «Қазақ есімдері» анықтамалық, «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары» және көптеген басылымдарымен таныса алады.

Қалалық кітапхана