Курчатов қалалық мәслихатының кезекті 30 сессиясы

2019 жылдың 3 сәуірінде әкімшіліктің отырыс залында Курчатов қалалық мәслихатының кезекті 30 сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі м.а. А.Ю. Глазинский, ШҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е. Базилұлы, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жауапты қызметкерлер қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1. 2018 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы
ШҚО бойынша тексеру комиссиясының жергілікті атқарушы органның Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының 2018 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды.
Қосымша баяндама:
Қалалық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі В.А. Демышев.
2. Жолдарды, жаяужолдарды, гүлзарларды, шағын сәулет нысандарды, жарықтандыруды, қала көшелеріндегі су бұрғыш және үйішілік аумақтарды қалпына келтіру, жер қазу жұмыстарының аяқталуы, сумен жабдықтау және су қайтару жүйелері бойынша жүргізілген жұмыстардың барысы туралы.
3. Мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі
4. Әр түрлі:
1) Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы аумағындағы жер қатынастары мәселелері жөніндегі қалалық комиссиясы құрамы туралы;
2) Курчатов қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құрамы туралы;
3) «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссия туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 11/80-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/156-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы.
5) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі қалалық комиссия құрамы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 28/195-V шешімге өзгерістер енгізу туралы;
6) «Курчатов қаласының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/174-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы.
3. Алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезекті отыз бірінші сесиясының төрағасы туралы.
Қойылған барлық сұрақтарға толымды жауап алынды.