Тұрақты комиссия отырысы

2019 жылғы 4 сәуірде А.Н. Борисенконың төрағалығымен қалалық мәслихаттың әлеуметтік даму, экология, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болып өтті. Комиссия отырысына қала әкімінің м.а. Глазинский А.Ю., қала әкімінің орынбасары м.а. Қошқарбаев Н.Т., Ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің бас маманы Бәденов Н.Ә., Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. Құсманова И.А., «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министерлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Курчатов қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басшысының м.а. Ахатаева А.Б. қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде қаралған сұрақтар:
1. Курчатов қаласының ветеринариялық жағдайы туралы;
2. Курчатов қаласындағы мәдени салаларды дамыту туралы.
Барлық қаралған сұрақтар бойынша қаулылар бірауыздан қабылданды.

Курчатов қалалық мәслихаты