«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы жария хабарландыру

Қазақстан Республикасы Прези¬дентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі. Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті 2019 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын жариялайды. Ол 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – қалалық; екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық. Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша ішкі саясат бөліміне 2019 жылғы сәуірдің 30-на дейін беріледі. Толық ақпаратты 79 -104 телефонына хабарласып алуға және www.kaztube сайтынан қарауға болады.