17 Жауынгерді еске алу митингі

6 сәуір күні 3514 әскери бөлімінде 1995 жылы Тәжік-ауған жерінде ТМД сыртқы шекарасын қорғау бойынша әскери қызметін орындау барысында қаза тапқан 17 жауынгерді еске алуға арналған митинг өтті.
Іс-шараға бөлім мен тараумақты жанжал ардагерлері, ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Д.К.Камзин, № 2 орта мектептің Жас Бүркіт сыныбының оқушылары қатысты.
Бөлім командирі подполковник Б.Құмаров Тәжік-ауған жерінде өз борышын өтеген сержант Ержан Айтпайұлы Айтчанов, аға сержант Әділет Сейсембекұлы Калиев, сержант Айдос Төлегенұлы Шаловтың қазіргі уақытта әскери қызметтерін біздің бөлімде абыроймен атқарып келетінін айтты.
7 сәуір күні Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясында ерлік күні болып жарияланған. Дәл осы күні 24 жыл бұрын Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында 7-ші құрама бітімгершілік ротасы тараптың іргелес шекарасына содырлардың кенеттен қарулы шабуыл жасауына тап болды. Төрт сағаттан аса уақытқа созылған ауыр жекпе-жек ұрысы болды. Сол ұрыста отандық 17 жас сарбаз мерт болып, жауынгерлердің көбісі ауыр жарақат алды. Бірақ біздің жауынгерлер оларға төтеп беріп, Қазақстандық бітімгершілік батальонның намысын түсірмей, әскери антқа адал болып, әскери міндетін абыроймен атқарды.