Латын әліпбиіне көшу – ұлттық жаңғыртудың жолы

2019 жылдың 10 сәуірінде қазақ тілінің кириллицадан латын әліпбиіне көшу туралы түсіндіру мақсатында Достық үйінде № 3514 әскери бөлімінің қызметкерлері, қала жастары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, Достық үйі мен Қалалық мәдениет үйі қызметкерлерінің қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – ұлттық жаңғыртудың жолы» тақырыбы бойынша іс-шара өтті.
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы іс-шараға қатысушыларды жаңа әліпбимен, қазақ тілінің латын графикасына біртіндеп көшу уақыты және қазақ тілінің емлесінің негізгі ережелерімен таныстырды.

Тілдерді оқыту орталығы