«Жеңіске жетелеген әндер» әдеби - сазды бағдарлама

Ән-лирикалық шежіре. Әр бір ән, бүкіл халықтың, жекелеген адамдардың қайғысы мен қуанышын, ел тарихы туралы сыр шертеді. Ұлы Отан соғысының бірінші күнінен бастап жеңіс күнінің мерекелік отшашуына дейін, құдіретті ән әрқашан сарбаздар жанынан табылды. Қысқа үзіліс кезінде тыңдалған әрбір әсем ән сарбаздардың жақындары мен туыстарын еске түсірді.
Сол бір қиын–қыстау кезіндегі шырқалған әндер өткен күндерден елес қалдырып,бүгінгі күнде әлі шырқалуда.
4 мамыр күні Қалалық кітапханада Ұлы Отан соғысы кезінде шырқалған әр әннің тарихымен танысу мақсатында «Жеңіске жетелеген әндер» атты әдеби-музыкалық бағдарлама өтті.
Бағдарлама барысында қатысушылар кітапхана оқырмандары мен қызметкерлерінің орындауында танымал әндерді тыңдады.

Қалалық кітапхана