Семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 16 мамыры күні Достық үйінде қала ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдері арасында даулы жағдайды шешу үшін қажетті дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру, қатысушылардың құзыреттілігін арттыру мақсатында «Медиация-қақтығыстарды шешудің баламалы түрі» атты семинар-тренинг өтті.

Семинардың жүргізушісі көп жылдық тәжірибесі бар модератор Сандуғаш Ақтайқызы Алибаева болды.

Осындай тренингтердің басты міндеті-қатысушыларды жанжалдарды барынша тиімді және шығынсыз шешу тәсілін табуға, Медиация дағдыларын нақты өмірде қолдануға, әр түрлі жағдайларда эмоционалдық жағдайды басқару технологияларын меңгеруге үйрету.

Медиация және медиаторлар туралы жалпы әңгімеден басқа, даулы (негізінен тұрмыстық) жағдайларды шешу тәсілдерінің бірі ретінде қатысушылар семинар барысында топтарға бөлінді. Қатысушыларға әртүрлі жанжалды жағдайларды шешу ұсынылып, «Ассоциация», «көпірдегі кездесу» және т. б. ойындар өткізілді.

Медиаторлардың тізімін, олардың байланыс деректерін Достық үйіннен немесе Курчатов қаласының қалалық сотынан білуге болады.

Достық үйі