«Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі баланың интеллектуалды дамуына әсері» атты қалалық семинар-практикум

2019 жылдың 17 мамырында Курчатов қаласының «Күншуақ» балабақшасында «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі баланың интеллектуалды дамуына әсері» атты қалалық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумға қаланың мектепке дейінгі мекемелерінің педагогтары қатысты. Семинар-практикум барысында «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешілері қонақтарға І кіші тобында, ІІ кіші тобында және ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Сондай-ақ, І санатты тәрбиеші Кунафина Л.М. «Асық» технологиясымен шеберлік-сағат көрсетті. Семинар-практикум балабақшаның бүлдіршіндері дайындаған шағын концертпен аяқталды.