Құрметті 1 сыныпқа баратын оқушылардың ата-аналары!

«Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі балаңызды 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініштерді автоматтандырылған жүйе бойынша қабылданатындығы туралы хабарлайды.
Ол үшін электронды қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦК) қажет. Vko.ddo.kz сілтемесіне өту керек, «Құжаттарды қабылдау және тіркеу» бөліміне өтіп, «Кіріспе» батырмасын басыңыз, «Сертификат» тармағын таңдап, ЭЦК арқылы кілт енгізіңіз, өтініш берушінің ЖСН және электронды поштаңыздың мекен-жайын көрсетіңіз.
Содан кейін келесі құжаттарды (сканерлеу) қосу керек:
1. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
2. № 063 / у - егілу құжаты және баланың денсаулық паспорты
№ 026 / у-3 нысаны;
3. 3x4 сандық фотосурет - 2 дана.
Келесі қадам: барлық қажетті құжаттарды қосу, Электронды сандық кілтпен қол қою керек.
Сіз үй жағдайында Электронды сандық кілт арқылы тіркелуіңізге болады, тіркелуге мүмкіндігі болмаса сіз таңдаған мектепке хабарласуға болады. Барлық сұрақтар бойынша қонырау шалуыңызға болады: 87076912465.