Курчатов қаласының құрметті тұрғындары!

Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын тұлғаға немесе отбасына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек берілетіндігі туралы хабарлаймыз. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 29698 теңге, яғни отбасының әрбір мүшесіне 20 789 теңгеден кем болуы тиіс.
18 жасқа дейінгі әрбір балаға, АӘК алушылар қатарынан 23 жасқа дейінгі студентке 20789 теңге төленетін болады.
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде ұсынылады.
Шартсыз ақшалай көмек шарттары (БДП):
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған тұлғаларға (отбасыларға) көрсетіледі.
Оларға: зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар; бірінші және екінші топтағы мүгедектер; 7 жасқа дейінгі баланы күтуді жүзеге асыратын аналар жатады.
6 айға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмектің (ШАК) шарттары:
Аз қамтылған отбасының еңбекке жарамды мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы. Тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу жөніндегі міндеттемелері көрсетілетін әлеуметтік келісімшарт жасасу.
Әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамаған кезде жәрдемақы мөлшерін қысқарту тетігі көзделген: бірінші бұзушылық кезінде отбасының еңбекке жарамды мүшелерінде 50% - ға, қайталап 100% - ға қысқарады.
Әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңіне (12 айға дейін) тағайындалады, ай сайын төленеді.
Отбасының жиынтық табысына: жалақы, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс және басқа да алименттер, демеушілік көмек, материалдық көмек ескерілетін болады.
Алынып тасталды: 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы; баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы; оқушылардың стипендиялары.
Кеңес алу, сондай-ақ АӘК бойынша төлемді алдын ала анықтау үшін "ШҚО Курчатов қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ немесе 3-42-77 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.