«Бақылау-касса машиналарын есепке қою және есептен шығару (КБМ)» туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ ҚРЗ Заңымен (бұдан әрі – Заң) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) бақылау-касса машиналарын қолдану бөлігінде қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілді.
Мемлекеттік кірістер органдарында деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын есептен алу (бұдан әрі – ДТФ -мен БКМ), тіркеу карточкасында көрсетілген деректерді өзгерткенде, есепке қоюда ұсынылатын талаптар өзгерді.
Сонымен, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI ҚРЗ Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – қолданысқа енгізу туралы Заң) 23 – бабына сәйкес анықталған Салық кодексінің 167, 168 және 169 баптары редакциясының қолданыс мерзімі 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды.
Осыны ескере отырып, Салық Кодексінің 167, 168 және 169 баптарына сәйкес есепке қою, тіркеу карточкасында көрсетілген деректердің өзгеруі, ДТФ - мен БКМ есептен шығару фискалдық деректер операторы деректері негізінде күшіне енген Заңға сәйкес жүзеге асады.
Сонымен қатар, «Бақылау-касса машиналарын есепке қою және есептен шығару (КБМ)» мемлекеттік қызметін көрсетуде бизнес-үрдістерін оңтайландыру мақсатында, ДТФ - мен БКМ тіркеу, өзгерту, есептен шығару мемлекеттік кірістер органдарымен фискалды деректер операторы деректері бойынша «Қазақстан Республикасы біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – БСАЖ АЖ) «Фискалды деректер операторы» (бұдан әрі - ФДО) «Электронды Үкімет» шлюзі арқылы өзара біріктірілген жолымен автоматты режимде жүзеге асырылатын болады.
Осының негізінде, салық төлеушілерге ДТФ - мен БКМ тіркеу, өзгерту, есептен шығару ДТФ - мен БКМ туралы ФДО сайты арқылы мемлекеттік кірістер органдарына деректерді беру www.oofd.kz. талап етіледі.
Өз кезегінде, БСАЖ АЖ ДТФ - мен БКМ деректерді тексергеннен кейін, ФДО сайты арқылы БКМ тіркеу карточкасын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
Салық Кодексінің 166 – бабын редакциялау мерзімінің әрекеті Заңның 22-бабына сәйкес анықталған әрекетке енгізілуі туралы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды.
Тауарларды өткізу, жұмыстарды атқару, қызметтерді көрсету кезінде іске асырылатын (тауарларды қозғалысын бақылау), ДБФ-мен БКМ-ның мәліметтеріне камералдық бақылау жүргізу мақсатында, БКМ чегінде көрсетуге жатқызылатын ақпараттар тізбесі кеңейтілген, атап айтқанда келесі мазмұмен толықтырылған:
1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер бірлігі үшін баға;
2) тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауы;
3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;
4) тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатудың жалпы сомасы;
5) егер салық төлеуші қосымша құн салығының төлеушісі болып табылған жағдайда- тауарлар, жұмыстар, қызметтерді өткізу бойынша айналымдарға қосымша құн салығының айналымы бойынша мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;
6) бақылау-кассалық машинасын қолдану орнының мекенжайы;
7) бақылау-кассалық машинасының чегі туралы кодтау түріндегі ақпараты бар, штрихты код.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөліміндегі 9) және 15) тармақшасының ережесі деректерді беру функциясы жоқ бақылау-кассалық машиналарына қолданылмайды.
Жоғарыда көрсетілген БКМ чегінің мазмұнына толықтыруларды енгізу үшін, салық төлеушілерге тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атаулары тізбесін өз бетінше жасау және БКМ техникалық қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.
БКМ чегіндегі штрихты кодын көрсету, ДБФ-мен БКМ-на ФДО-нан кодты автоматты беру жолымен жүзеге асырылатын болады.
Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірыңғай номенклатурасы анықталмағандығын қосымша ескертеміз.
Сонымен бірге, БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтарымен көрсетілген БКМ чегінің қосымша мазмұнын өз бетінше енгізу бойынша толық нұсқаулығы әзірленетін болады.
БКМ Мемлекеттік тізіліміне енгізілген БКМ барлық үлгілері, чектің қосымша мазмұнын көрсетеді, сондықтан салық төлеушілермен БКМ ауыстырудың қажеттілігі жоқ.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 284-бабы 7-тармағына сәйкес БКМ чегінің қосымша мазмұнын көрсетпеу бойынша әкімшілік шаралары көзделмегендігін атап өту қажет.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, 1-тармағына сәйкес, егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзгеше ескертілмесе, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.

Курчатов қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы