«Қасиетті домбыра» акциясы

2018 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» мерекесі болып белгіленген болатын. Мерекені атап өту мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілде күні қалалық Достық үйінің ұйымдастыруымен «Қасиетті Домбыра» атты акциясы өткізілді. Оған этномәдени бірлестіктердің мүшесі, аналар кеңесінің мүшесі, Достық үйінің қызметкерлері қатысты.

Мерекенің 1 жыл толуына орай осы күні 1 жасқа толған Ғазизов Ілияс Ерқанатұлына Достық үйінің атынан домбыра (Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипі бар) мен құттықтаухат табысталды.

Сондай-ақ, Аналар Кеңесі мүшесі Б.Қ. Нұржанова және «Асыл әжелер» тобының мүшесі А.Үсенова арнайы құттықтау сөз сөйлеп, құттықтады.

Домбыра күнімен туған күнінің тұспа-тұс келуі баланың рухани қалыптасуына маңызды өмірлік бастама, жақсылық белгісі болмақ.

Ертеден қалыптасқан қағида бойынша нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деп айтылады. Домбыра – әкеден балаға, ұрпақтан-ұрпаққа қалатын асыл мұра екенін ұмытпауымыз қажет!

Дом дружбы