«Ертегідей ғажап қалам – Елордам!» сурет байқауы

Ағымдағы жылдың 5 шілде күні қалалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Астана күніне арналған «Берег» демалыс базасындағы демалушы балалар арасында «Ертегідей ғажап қалам – Елордам!» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

Балалар плакат салған суреттері арқылы Елордаларын қалай жақсы көретіндіктерін және өз елінің патриоттары екенін көрсете білді.

Байқау соңында байқауға қатысушылардың барлығы Достық үйінің грамотасы мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Достық үйі