«Балалық шағымның аспаны» фильмін тамашалады

6 шілде - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Елбасының туған күніне орай ағымдағы жылдың 3 шілде күні Достық үйінде №1 мектептің оқушыларына Н.Ә.Назарбаевтың өмірі, балалық және жастық шағы жайында 2011 жылы режиссёр Рүстем Әбдірашевтің түсірген «Балалық шағымның аспаны» атты  көркем фильмі көрсетілді.

Тәрбие мен тағылымға толы фильмді мектеп жанындағы оқушылар тамашалады. Фильмде отанға деген сүйіспеншілік пен ата-ананың тәрбиесі, моральдық борыш пен жауапкершілік, болашақ көшбасшының тұлғасын қалыптастыруға негіз болатын күшті ерік-жігер мен тіршілік күші туралы идеялар сипатталады.

«Балалық шағымның аспаны» фильмі оқушыларға мол  әсер сыйлады. Фильм соңында оқушылар Н.Ә.Назарбаевтың өмірі туралы пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті.

Достық үйі