Еңселі Елорда, асқақтаған астана

2019 жылдың 4 шілдесінде  әлем таныған еліміздің  жүрегі, бас қаласы  Нұр - Сұлтанның туған күніне орай,  Қалалық кітапханада «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» атты  бейне - викторина өтті. 

Іс-шараның  мақсаты: жас ұрпаққа  Елордамыз  туралы мәлімет бере отыра, балалардың  білімін, ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, Отанға   деген сүйіспеншілігін арттыру,  елжанды азамат болуға тәрбиелеу. 

Бұл  іс – шараға  қатысқан қаламыздағы №1 ЖББО мектебіндегі «Жұлдыз» атты мектеп жанындағы лагерь  балалары,  кешіміздің «Астана уақыты» айдарында,  сәулет өнерінің қайталанбас үлгісінде сән мен салтанаты жарасқан  бас қаламыз Нұр - Сұлтан туралы түсірілген бейнебаяндарды  тамашалау арқылы  Елордасы астанамызға саяхат жасап,  ой бөлісті және викториналық сұрақ – жауап ойына белсене қатысты.  

Қалалық кітапхана