«Ұлттық мәдени  құндылықтар» атты эстетикалық   сағат

Ұлттық құндылығымыз бен тәрбие көзінің бірі – қолөнер үлгілерімен   жас ұрпақты таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету және әсемдікті тани білуге баулу, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу  мақсатында 2019 жылы 10 шілде  күні қалалық кітапханада «Ұлттық мәдени  құндылықтар» атты эстетикалық тәрбие беру сағаты өтті.  

Халқымыздың қасиетімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы -  қолөнерінің бірі  - құрақ құрау, кесте тігу өнерлерін  өмірлеріне серік еткен, он саусағынан өнері тамған шебер, ардақты да асыл аналарымыз Нүрниса Уәлиқызы, Самал Махмұт, Нұржамал Медетбек, Гүлниса Уәлиқызы  қиынынан қиыстырып  құрақ құрау, сәндік қол өнері кесте тігу әдістерін  балаларға  түсіндіріп берді.

Тәрбие сағатына қатысқан қаламыздағы №4 ЖББО мектеп жанындағы лагерь  балалары мен кітапхана оқырмандары  шебер аналарымыздың  қолынан шыққан ою өрнекпен безендірілген туындыларын тамашалап,  тамсанумен болды.

Қалалық кітапхана