«Ақылды қоян» атты ертегілік қойылым

«Берег» базасында дем алып жатқан балаларға  Қалалық кітапханадағы «Жас толқын» көркем сөз оқу үйірмесінің белсенді мүшелері   Елшат Көзайым, Қайнар Зәмзәм, Мұрат Алинұр,  Дамухан Тауас, Іңкәр Өміржанның    «Ақылды қоян» атты  ертегілік қойылым  қойып, соңынан ойын бағдарламасын өткізді.

Ертегілер елінен келген   аңқау қасқыр мен қу түлкінің қателіктерін түзеп, оларды ынтымақ пен бірлікке, қайырымдылыққа, өзара сыйластыққа, уәдеге берік, адал да әділетті достыққа үйретті.

Жеңіске  жеткен  қояндардың ақылды да бал қылықтарына разы болған   бүлдіршіндер  қуанып, олардың күндей ыстық шат күлкілерінің нұры, жұдырықтай жүректерін жарып шыққан  алғыс ақ тілектері өнерпаздардың өнерін нұрландырды.