Интеллектуалдық  ойын-сауық бағдарламасы

Қалалық кітапханада №3 жалпы білім беретін  мектеп жанындағы лагерінің  балаларына арналған «Әлемнің қияли сиқыршысы» атты Ханс Кристиан  Андерсен ертегілері бойынша интеллектуалдық ойын-сауық бағдарламасы өтті. 

Интеллектуалдық  ойын-сауық бағдарламасының мақсаты:  әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы, дат жазушысы Ханс Кристиан  Андерсеннің шығармаларымен  таныстыру, жазушының ертегілері  арқылы ар тазалығы мен жан жомарттықты, әділет пен жақсылық сезім қасиеттерін балалардың бойына сіңіру. Кеш соңында балалар «Түйме қыз» ертегісін тамашалады.