«Пушкин ертегілері - қонақта» атты  ертеңгілік

Орыстың  ұлы  ақыны, жазушы А. С. Пушкиннің  220  жылдығына орай, Қалалық кітапханада    «Пушкин ертегілері - қонақта» атты ертеңгілік өтті.

Балалардың  есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында өткен іс-шара барысында  А. С. Пушкин ертегілері туралы түсінік беріліп,    «Алтын балық» ертегісін экран арқылы  тамашалады.

Балалар осы ертегіден алған ойлары мен әсерлерін ортаға салды. 

Қалалық кітапхана