«Көңілді сәт»

Ағымдағы жылдың 6 тамыз күні «Берег» демалыс орынында демалушы зейнеткерлермен Курчатов қаласының достық үйі «Көңілді сәт» ойын бағдарламасын ұйымдастырды.
Бағдарлама аясында демалушы қариялар өздерінің жастық шақтарындағы ұмыт болған әндерін айтып, ұрпақтарына үлгі көрсететін ақжаулықты әже екендерін көрсете білді. Көңілді бағдарламаның соңына викториналық ойындар ойнатылып, ауылдың алты ауызы айтылды.

Достық үйі