Курчатов қаласында Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

ШҚО Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Қоғамдық кеңестің қызметімен тұрғындарды аймақтық басқару бойынша жергілікті өзін- өзі дамытуды жүргізу» лот шеңберінде Курчатов қаласында Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Отырысты Қоғамдық кеңестің төрайымы Ляйля Кайрбаевна Бралинова өз сөзімен бастады. Ол кісі отырысқа қатысушыларды ШҚО Қоғамдық кеңестің өкілдерімен және отырыс тәртібімен таныстырды.
Сонымен қатар, отырысқа Курчатов қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, дербес бөлімдер, мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, қала тұрғындары мен жастары қатысты.
«Мониторингтік зерттеу нәтижелері бойынша ҚР «Қоғамдық кеңес туралы» Заңы жайлы «ШҚО талдау және болжау институтының» ЖШС саяси-әлеуметтік және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ашимова Аяужан Тұрсынбековна хабарлады.
А. Ашимова өз сөзінде Қоғамдық кеңесте ҚР «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңын қалай қолдану керек екендігін түсіндірді.
«Денсаулық сақтау бойынша эксперттік жұмыс тобының жұмысы туралы» ақпаратты ШҚО Қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау сұрақтары бойынша эксперттік жұмыс тобының басшысы Татьяна Семеновна Минеева баяндады.
Курчатов қаласының Қоғамдық кеңесі төрайымының орынбасары Нина Федеровна Балагурова «Курчатов қаласының Қоғамдық кеңесінің 2019 жылдың 7 айдағы жұмысы туралы» ақпаратқа тоқталды.
Курчатов қаласының мектептерін ІТ-сыныптармен жабдықтау және мектептегі асханаларды жаңғырту туралы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асем Жеңіспековна Ұлықпанова баяндады.
«Парыз» бағдарламасы бойынша 2016 жылы алынған медициналық құрылғының қолданылуы туралы емдеу-диагностика емханасы меңгерушісінің м.а. Индира Жанатбековна Такирова мәлімдеді.
Курчатов тұрғындарын Семей-Курчатов тас жолы мәселесі алаңдатуда.
Қоғамдық кеңестің мүшелері маңызды мәселелермен қатар, өздерінің жұмыс тәжірибелерімен және нәтижелерімен бөлісті.
Қала тұрғындары Қоғамдық кеңес арқылы көптеген мәселелерді шешкені жайлы зор мақтанышпен айтты.
Әрине, барлық мәселелер жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып шешіледі, себебі Қоғамдық кеңес халықты қоғам мен билікпен байланыстыратын өзіндік көпірге айналды және бұл кеңес шынайы диалогтық алаң, яғни бұл кеңесте тұрғындар өз ұсыныстарын айтып қана қоймай, сонымен қатар өз өздерін тыңдата алады.


Қала әкімінің баспасөз қызметі