Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік

2019 жылдың 09 тамызы күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, өткен ғасырдың ұлы ақындары Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және А. Пушкиннің 220 жылдығына орай, «Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік» әдеби-музыкалық бағдарлама өтті.
Пушкин мен Абай шығармаларының үндестігін түсіндіру, насихаттау және жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен шараға Қалалық кітапханадағы «Жас толқын» көркем сөз оқу үйірмесінің мүшелері, кітапханашылар және кітапхананың үздік оқырмандары қатысып, ақындардың шығармаларынан үзінді оқыды.

Қалалық кітапхана