Бүгін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында  сандық сауаттылық  дағдыларын үйрететін семинардың бірінші күні  өтті.

Озық технологиялар біздің өмірімізге белсенді кіріп келеді. Қазір кез-келген қолында ғаламторы орнатылған  компьютер мен ұялы телефоны бар азаматтардың  үйден шықпай-ақ бірқатар қызметтерді алуға мүмкіндіктері бар. Тұрғындардың сандық сауаттылығын арттыру бұл қажетті қадам, семинарлар сұраныстарды дұрыс жіберуге және қажетті ақпараттарды бір батырмамен алуға үйретеді деп – Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев пікір білдірді. Семинар үлгісіндегі сабақтар ағымдағы жылдың 12 тамызынан бастап 23 тамызы аралығында қаланың № 4 және 3 мектептерінде өткізілетін болады.