Бүгін әкімдік отырыс залында қала әкімі А.Ю.Глазинскийдің қатысуымен қала активі өтті.
Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты бірінші Жолдауының негізгі тармақтарына тоқтала отырып, әрбір бағытты талқылады.
Қала әкімінің орынбасары Н.Кошкарбаев "Жолдауда инклюзивті қоғамды құру, отбасы мен балалық шақ институтын қолдау, ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы көтеру, халықты әлеуметтік қамсыздандыру сынды мәселелер қамтылды ,- деп атап өтті.
Актив отырысының қорытындысы бойынша қала әкімімен мемлекеттік мекемелерге өз құзіреті шегінде нақты тапсырмалар берілді.