Ашық есік күні

2019 жылдың қыркүйектің 6 күні Қазақстан халқының Тілдері күнін мерекелеу аясында Курчатов қаласының Достық үйінде ашық есік күні өтті.

Іс-шарамыздың басты қонақтары қалалық №3 мектептің 7 сынып оқушылары этномәдени бірлестіктерге саяхат жасап ұлттардың тыныс тіршілігімен танысты. Шараның жалғасы «Көп тілді меңгер!» атты интеллектуалды ойын-сауық бағдарламасымен жалғасты.

Іс-шаралардың мақсаты мемлекеттік тілді қадірлеу, өзге тілдерді құрметтеу және біздің елде тұратын әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлерін насихаттй отырып, жастарға «Бірлік түбі – береке!» екенін санасына сіңіру.

Достық үйі