Заманауи онлайн кассалар мобильдік қосымша арқылы

2019 жылы онлайн бақалау кассалық машиналар қолдануға барлық жерде көшіру кезең-кезеңмен (тоқсан сайын) жүзеге асырылады, 2020 жылға дейін онлайн бақалау кассалық машиналарды қолдануға барлық салық төлеушілерді көшіру жоспарлануда, патент бойынша жұмыс істейтін және бірыңғай жер салығын төлеушілердін қоса алғанда (1.01.2020 жылдан бастап).
Сонымен қатар, салық төлеушілер онлайн бақылау кассалық машиналардаң басқа, баламасы ретінде, web-нұсқаларының сервисі негізінде онлайн кассалық машиналарды қолдану мүмкін.
NURKASSA.KZ, LIGHTKASSA. WEBKASSA. reKASSA мысалы, web-нұсқаларының сервисі мобильді қосымшалар бар.
Оларды орнату және қолдану туралы толық ақпаратты интернеттен табуға болады.
Чекті қағазға басып шығару үшін жеке принтер сатып алу қажет.
Сондай-ақ, сатып алушыларға чектер мессенджерлерге хабарлама арқылы немесе электрондық поштаға жіберіледі.
Атап айтқандай Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысу белгілі бір санаттағы салық төлеушілерді қоспағанда міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргізілетінін естеріңізге саламыз.
Бақалау кассалық машиналардың чекті бермеуі табыстарды жасыруға, тиесілі салықтарды төлемеуге жол береді және әкімшілік жауапкершілігіне әкеледі.

Курчатов қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы