Оқушылардың жазғы демалысы аяқталып, барлық балалар мектепке барды. Оқу жылы жаңа басталса да, қазірдің өзінде жоғары сынып оқушылары өмірлеріндегі маңызды мәселені шешуде, ол: мектеп бітірген соң қандай ЖОО-ны таңдау керектігі?
Бақытымызға қарай, біздің Тәуелсіз Қазақстанда түрлі саладағы болашақ мамандарды даярлайтын келешегі зор ЖОО-лар көп. Солардың біріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтын жатқызуға болады. ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты – азаматтық қорғау саласында білікті мамандарды дайындайтын еліміздегі жалғыз жоғарғы оқу орны. Факультеттің күндізгі оқу түріне Қазақстан Республикасының 25 жастан асқан, оқу жылы басталғанша 17 жасқа толған, орта, техникалық, арнайы орта (колледж) білім бар, денсаулық жағдайы әскери қызметке, оқуға жарамды, конкурстық негізде ҰБТ нәтижесі немесе Кешенді тестілеу бойынша тиісті балл көрсетілген сертификаты бар әр азамат қабылдана алады. Институтқа оқуға түсуге келген жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жолақы шығындары төленеді, сондай-ақ конкурстан өту кезінде казармалық жүйеде тамақпен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жүйесінде Институт түлектері жауапты лауазымдарда отыр. Көкшетау техникалық институты «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайлардан қорғау» және «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күші» мамандықтары бойынша жоғары білікті мамандар дайындауда. Іштей оқу бітірген түлектерге арнайы «азаматтық қорғау лейтенанты» шені және әскери іс және қауіпсіздік бакалавры академиялық деңгейі беріледі. Оқу бітіргеннен кейін түлектерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелерінде жұмысқа тұрғызу кепілдендірілген. Оқу тәртібі екі тілде жүргізіледі – мемлекеттік және орыс тілдерінде. Институттың материалдық базасы және профессорлық-мұғалімдік құрамы курсанттардың жоғары білім алуларына және жақсы жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді. Институтта спорттың әрбір түрі бойынша секциялық жұмыстар жүргізіледі: өрт-құтқару спорты, волейбол, баскетбол, кір тасын көтеру және қоян-қолтық төбелес спорты. Осы жұмыстардың нәтижесінде халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары спорттық жетістіктерге жетуде.
Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Елбасымыз айтқандай: «Еліміздің болашағы жастардың қолында! Дұрыс таңдау жасаңыздар!»