«Русана» этномәдени бірлестігі Семей төрінде.

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегі күні Семей қаласындағы Әлихан Бөкейханның ескерткішінің жанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Асыл мұра» дәстүрлі қазақ ұлттық сәндік-қолөнер шеберлерінің Халықаралық байқау-фестивалі өтті. «Русана» этномәдени бірлестігінің белсенділері «Надежда» вокалды тобы фестивалдің концерттік бағдарламасының шымылдығын ашып қалың көрерменге өз өнерлерін көрсетіп, қошеметке бөленді.
Ал «Русана» этномәдени бірлестігінің жас белсенділері осы айдың 5 күні Облыстық тілдер фестивалінде татар халқының биімен жиылған қауымның таңдайын қақтырды.
Осындай үлкен шараларға мықты дайындық жасап, аянбай терлерін төккен «Надежда» вокалды тобының музыкалық жетекшісі С.В. Краснопольскаяға және «Фантазия» би тобының хореографы З.В. Матвеенкоға алғыс білдіреміз.


Достық үйі