Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша кездесу

2019 жылдың 3 қазанында ақпараттық топ мүшесі «Курчатов қаласының көп салалы пайдалану кәсіпорны» КМК қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында С.Түсіпбеков Мемлекет басшысының «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы айтып өтті, сондай-ақ, «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды тұғырнамасының іс-қимыл жоспары туралы түсіндіріп өтті. Іс-қимыл жоспарына сот жүйесін жаңғырту, полиция қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметті жетілдіру, квазимемлекеттік секторға қоғамдық бақылау мен есеп беруін күшейту, монополистер тарапынан бәсекеге кедергілерді жою және асыра пайдалануды болдырмау, азаматтарға кепілді әлеуметтік қолдау көрсетуде бірыңғай стандарттар белгілеу, олардың қаржылық мүдделерін қорғау және басқа да бірқатар іс-шараларды қамтыған.
«ККСПК» КМК қызметкерлері Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын белсене қолдады.


Курчатов қаласы әкімінің баспасөз қызметі