Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» Қазақстан халқына Жолдауы нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған.
Мен, Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы және көпұлтты Қазақстанның өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жүргізіліп отырған ішкі және сыртқы саясатты қолдаймын.
Жолдау әрқашан еліміз үшін саяси, экономикалық, әлеуметтік салаға бағыт-бағдар беретін үлкен мәні бар құжат. Биылғы Жолдау ерекшелігі – ол халықтық Жолдау болды. Өйткені, ең өзекті мәселелердің барлығы елдің, қарапайым халықтың жағдайын одан әрі жақсартуға бағытталып отыр.
Жастар Мәслихатының депутаты ретінде, мені Қазақстанның дамуының мақсаты халықтың әл-ауқатын жақсарту фактісі қуантады.

Курчатов қаласының
жастар Мәслихатының депутаты
А.С. Шакенов