Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара

Білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - Мұғалімдер күні қарсаңында 4 қазанда Қалалық Мәдениет үйінің концерт залында Курчатов қаласының әкімі А. Ю. Глазинскийдің қатысуымен Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Курчатов қаласының білім беру ұйымдарының басшылары, өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижелерге жеткен пән мұғалімдері, жас мамандар қатысты.
Курчатов қаласының әкімі А. Ю. Глазинский және білім бөлімінің басшысы А. Ж. Ұлықпанова құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты іс-шара барысында мұғалімдерге Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.
Алғыс айтумен, құрметпен, ризашылықпен және күзгі гүл шоғы гүлдерімен мұғалімдердің еңбегі атап өтілді. Олар үшін әндер, мектеп және мұғалімдер туралы өлеңдер айтылды, музыка мектебінің домбырашылар оркестрінің жанды музыкасы орындалды. Білім беру ұйымдарының мұғалімдері өткізілген іс-шарадан үлкен эмоциялық әсер мен ләззат алды. 


Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі