Украин мәдениетінің облыстық фестивалі

Ағымдағы жылдың 6 қазанында ШҚО Глубокое ауданы Уваров ауылында украин мәдениетінің фестивалі өтті. Достық үйінің атынан «Свиточ» этномәдени бірлестігінің белсенділері мен «Фантазия» би ұжымы жетекшісі Зинаида Матвиенко өз өнерлерін көрсетіп қайтты. Фетивальда «Гопак» украин ұлтының биін билегенде көрермендер жас биші ұл-қыздарымызға қолдау көрсетіп, ду қол шапалақтарын аямады.
Фестиваль қортындысы бойынша сайысқа қатысушылар «Көрермен көзайымы» деген номинацияға ие болып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Достық үйі