Әйелдің қоғамдағы рөлі

2019 жылы 8 қазан күні Қалалық кітапханада «Әйелдің қоғамдағы рөлі» атты пікір талас өтті. Бұл шараға қаламыздағы Тілдерді оқыту орталығының директоры Б. Қ. Нұржанова, «Асыл әже» тобынан зейнеткер Г. Жұмағұл, Курчатов қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімінің мұрағатшысы Н.А.Жакупова, Курчатов қалалық полиция майоры көші – қон қызмет тобының инспекторы А. М. Оразбаева, «Журавушка» бала бақшасының тәрбиешісі Қ. О. Сагандыкова, №1 орта мектептің ұлағатты ұстазы А. Солтанбек және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі, қоғамдық пікірдің қалыптасуына әйелдің әсері туралы, зорлық – зомбылық түрлері және олармен қалай күресу керек екендігі түсіндіріліп, қоғамда және отбасында әйелдердің құқықтарын қорғау сияқты мәселерге тоқталды және қойылған сұрақтар қызу талқыланды.

Қалалық кітапхана