«Dancing Of Kazakhstah»

2019 жылдың 3 қарашасында Семей қаласында «DANCING OF KAZAKHSTAH» Республикалық хореографиялық өнер фестивалі өтті, фестивальға Курчатов қаласының «Ақ көгершін» үлгілі би ансамблінің кіші тобы қатысты.
Барлық командалар лайықты өнер көрсетті, бірақ қарқынды жаттығулар мен қажырлы еңбектің арқасында біздің балалар алға шықты. Байқаудағы ең маңызды міндеті - өзінің қаласын, өзінің ұжымын лайықты көрсету. Бұл міндетті де «Ақ көгершін» кішкентай бишілері керемет орындады!
Үлгілі би ансамблінің кішкентай бишілерін «DANCING OF KAZAKHSTAH» Республикалық хореографиялық өнер фестиваліндегі жеңістерімен құттықтаймыз! Олар диплом және І дәрежелі лауреаттар кубогының жеңімпаздары атанды!