Таэквон-додан (ИТФ) ХХІ – Халықаралық «Semey open» турнир

2019 жылдың қараша айының 1-4 күндері Семей қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қала әкімінің Кубогіне арналған таэквон-додан (ИТФ) ХХІ Халықаралық «Semey open» турнирі өтті. Турнирге Ресей, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстанның барлық өңірлерінен 400 спортшылар қатысты. Турнирдің жеңімпаздары желтоқсан айында Минскіде өтетін Әлем Кубогында Қазақстан намысын қорғайды.
Курчатов қаласының атынан Курчатов қаласы әкімдігінің Спорттық клубының жаттықтырусы Н.Қожахметовтың шәкірттері турнирде сынға түсті. Турнир қорытындысы бойынша:
І орын:
- Нұрлыжан Қожахметов
- Кадиржанов Темирлан
- Берікқызы Алуа
- Әділбекұлы Жалғас
ІІ орын:
- Сейткен Мансұр
- Назарханов Ерсұлтан
ІІІ орын:
- Кукузей Екатерина
- Бабакумарова Аяжан

Барлық турнирге қатысушыларды құттықтаймыз, алдағы жарыстарда жеңімпаздарымыз көп болсын!

Спорттық клуб