«Bilgim keledi!» тақырыбындағы ойын – сабақ

2019 жылдың 06 қарашасында Тілдерді оқыту орталығында «Bilgim keledi!» тақырыбында ойын–сабақ өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: тыңдаушылардың алған білімдерін жинақтау, одан әрі танымдылықтарын жетілдіру, белсенділіктерін дамыту.
Тыңдаушылардан 2 адамнан тұратын екі топ құрылды. Тапсырмаларды орындау үшін 3-5 минут уақыт берілді. Ойын барысында қажетті сөздерді аударуға және тақтаға жазуға, дұрыс сөйлемді құрастыруға, оларды оқуға оқытушы нұсқау беріп отырды.