Өртті алдын алу бойынша тұрғындармен жұмыс

2019 жылдын 7 қараша күні Курчатов қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Курчатов қаласында қызмет көрсететін ұйымдардың бірі ЖК «Еркебұлан» өкілдерімен бірге Победа көшесі 6, Тәуелсіздік 51, 49, 37 көшелеріндегі үйлердің тұрғындарымен жиналыс өткізілді. Оның барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары, үйлердегі электр қуаты кернеулерінің әсері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы ақпараттар таратылды.