Кезектен тыс отыз алтыншы сессия

2019 жылдың 25 қарашасында Курчатов қалалық мәслихатының депутаты А.Н. Борисенконың төрағалық етуімен Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына қала әкімі Глазинский А.Ю., мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шыныбаев Қ.Н., бюджетті болжау және орындау секторының меңгерушісі
А. Ж. Қуандықов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м. а.
Г. Ж. Рыспекова қатысты.
Сессияның күн тәртібі:
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 27/206-VІ «Курчатов қаласының 2019 – 2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2. Әр түрлі:
1) Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2) Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191- VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасы туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізу туралы
3) Курчатов қалалық мәслихаты аппаратының құрылымы мен штаттары туралы
3. Алтыншы шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезекті отыз жетінші сессиясының төрағасы туралы.
Барлық қаралған сұрақтар бойынша депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.

Курчатов қалалық мәслихаты